Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2014
  • 878

Елдегі сот жүйесін дамыта түсу кезек күттірмейді. Қазақстандық судьялардың қызметі алдағы уақытта сапалы жаңа деңгейге көтерілуі тиіс. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдау барысында айтты. Кездесуде сот төрелігін атқарудың жай-күйі, соттардың қызметін жетілдірудегі маңызды міндеттер талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Соттардың санын көбейттік, өздеріңіз сұрағаннан кейін, бір судьяға нагрузка үлкен болды, үлгермей жатыр. Сондықтан сапасы болмай жатыр деген, ол жағын да шештік. Басқа жағдайлардың барлығын шешіп жатырмыз. Судьялардың жұмыс істейтін. Сондықтан енді болашақта үлкен нәтижелер күтуге болады.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ