Русский Сайттың толық нұсқасы

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері 10 сәуір күні белгілі болады

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2014
  • 1167

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері 10-шы сәуір күні белгілі болады. Бұл сында өзара төрт кездесу өткізген Теміртаудың «Арыстан» және Атырау қаласының «Бейбарыс» командалары өзара мықтыны анықтай алмады. Жалпы есеп 2-2. Спорт жаңалықатыр Самат Қанағатовтың топтамасында.

Бұған дейін жалпы есепте ұтылып жатқан «Арыстан» командасы өз алаңында өткен төртінші ойында аянып қалмады. Кездесу басынан «Бейбарыс» клубының қақпасына тап берген айдын иелері бірінші болып есеп ашты. Максим Орловтың пасынан кейін мергендігімен танылған Кари Сихвонен мүлт кетпеді.

Бірақ Вячеслав Белан шәкірттерінің қуанышы көпке созылмады. Қарымта шабуылға шыққан Атырау қаласының хоккейшілері алғашқы үзіліске дейін есепті теңестірді. Шайбаның авторы - Александр Зубков.

Үзілістен кейін үлкен күшпен алға ұмтылған «Арыстан» командасы ұрымтал сәттің бірінде есепті еселеді. Қонақтар қорғаушыларының қателігін сәтті пайдаланған Ильгиз Нуриев командаластарының қошеметіне бөленді.

Бұл шайбадан кейін шабыттанған айдын иелері араға 6 минут салып есепті ұлғайтты. Бұл сәтте Максим Волков шеберлігімен танылып, бұл ойындағы соңғы нүктені қойды.

Екі команда арасындағы 5-кездесу 10 сәуір күні Астана қаласында өтеді. Дәл осы ойында Қазақстан чемионатының қола жүлдегері анықталады.

Самат ҚАНАҒАТОВ