Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-нда 3 адамды қағып кеткен Абзал Бралиев «Нұр Отан» партия мүшелері қатарынан шығарылды

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2014
  • 1119

Батыс Қазақстан облысында көлігімен үш адамды қағып кеткен аудан әкімінің орынбасары «Нұр Отан» партиясынан шығарылды. Бұл туралы партияның облыстық филиалы хабарлайды.

«Нұр Отан» партиясы, Теректі аудандық филиалының саяси кеңес бюросы осындай шешімге келген. Дегенмен, ол әкімнің орынбасары қызметінен әлі шеттетілген жоқ. Жергілікті «Уральская неделя» газетінің хабарлауынша, шенеунік кеше жұмыс орнында болған.

Еске салайық, 6-сәуір күні сағат 21:00 шамасында Абзал Бралиев Toyota Camry автокөлігімен үш адамды қағып кетті. Оқиға Оралдағы сауналардың бірінің маңында болған. Масаң шенеунік жаяулатып келе жатқан Күнзада Шағатаева мен оның 9 жастағы қызы Әйгерімді және Айсұлу Сәбитованы қаққан. Онымен қоймай әкімнің орынбасары оқиға орнынан ізін суытады. Жол сақшылары шенеунік мінген шетелдік қымбат көлікті 15 минутта қолға түсірген. Дәрігерлік тексеру күдіктінің орташа дәрежеде мас екенін анықтады.

Сымбат МОЛДАТАЙ