Русский Сайттың толық нұсқасы

Пәкістанда орын алған жарылыс салдарынан 12 адам пойызда қаза болды

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2014
  • 1080

Пәкістанда жолаушылар пойызындағы жарылыстан қаза тапқан 12 адам табылды. 40 жолаушы ауыр жарақаттанған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің басым бөлігі - әйелдер мен балалар.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жүйткіген пойыз Кветтадан шығып, Раваллинди қаласына қарай жол тартқан. Сиби бекетіне жеткен кезде, пойызда жарылыс болады. Тәртіп сақшылары бұл жарылыс әдейі дәл осы бекетте жасалғанын айтуда. Бір вагоннан басталған өрт өршіп, өрт сөндірушілер жалынды бірнеше сағат бойы сөндіре алмады. Нәтижесінде вагонның күлі ғана қалды, тағы көрші үш вагон зардап шекті.

Тәртіп сақшылары қазір оқиғаны жіті тексеріп жатыр. Ауыр жарақат алған тұрғындардың саны тым көп болғандықтан, қаза тапқандар саны да артып кетуі ықтимал.

Сымбат МОЛДАТАЙ