Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда Минь әулетінің тостағаны 36 млн долларға сатылды

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2014
  • 1015

Бір кесенің құны - 36 миллион доллар. Дәл осы бағаға Минь әулетіне тиесілі, сирек кездесетін шыныаяқ сатылып кетті. 5 ғасыр бойы сақталған ыдыс Sotheby's үйінің ұйымдастыруымен өткен аукционда көпшілікке таныстырылды.

Мына бейнеден сіз де Минь әулеті қолданған кесені тамашалай аласыз, оның диаметрі бар болғаны 8 сантиметрге тең. Минь әулетінің билігі 15-ғасырдың ортасында салтанат құрған.

Айта кететіні, бұл экспонат бұған дейін қыруар қаржыға бағаланған Қытай фарфорының бағасынан да асып кетті. Ыдысты қытайлықтар «тауық кесесі» деп атап кеткен, өйткені, ол қораздың, тауық пен балапандардың суретімен безендірілген.

Дәстүрге сәйкес, сатып алушы өз есімін көпке жариялаудан бас тартты. Осы аукционға дейін ең қымбат бағаға сатылған Цяньлун фарфор құмырасының құны - 32,4 миллион доллар болатын.

Сымбат МОЛДАТАЙ