Сотталғандарға жаңа жұмыс беріліп
жатыр. Атырауда УГ-157/11 мекемесінде балық
өнімдерін өңдеуге арналған цех ашылды.
Мұнда балық өнімдері аршылып,
тазаланып, филе дайындалады, концервіленеді. Әзірге
10 сотталушы жұмыспен қамтылып отыр, цех толық қуатына кіріскен кезде отыз адам
күніне бір мың дана балық консервісін шығармақ. Оларға 20 айлық есептік
көрсеткіштен кем емес жалақы да төленіп отырады.
Ал дайын өнім әзірге Атыраудағы, кейін
республиканың өзге де түзету мекемелеріне жіберілмекші. Әйелдер колониясында қазір 241 сотталушы жазасын өтеп
жатыр. Олардың 50-і тігін және нан өнімдерін дайындайтын цехта жұмыс жасап жүр.
Енді тағы 25-і жуырда макарон дайындайтын және аяқ киім цехтарына жұмысқа
тұрмақ. Жаза мерзімін жұмыс жасай жүріп өтеуге сотталушылар да риза.
Валентина Ульчинкова, жазасын өтеуші:
Біз балық цехының ашылғанына
және оған бізді жұмысқа алғанына қуаныштымыз. Мекеме
басшылығына рақмет, жалақысы төленетін жұмыс бергеніне. Біз жалақымыз арқылы сот
кезіндегі талаптарды, шығындарды төлейтін болдық, жақын жуығымызға
көмектесеміз.
Кемел Иманғалиев, Атырау облысы прокуратурасының басқарма бастығы:
Дайын өнім республиканың
барлық түзеу мекемелеріне өткізіледі. Жақын
маңда өндіріс ұлғайып, адам санын 30-ға дейін көбейту жоспарлануда.
Базаргүл ІЗІМОВА