1,2 млрд теңгенің мақсатсыз жұмсалуына
жол берген «Қазгидромет» басшыларының біріне қатысты тергеу ісі аяқталды. Бас
директордың бірінші орынбасары лауазымын атқарған Сұлтанов қызмет бабын теріс
пайдаланып, бюджет қаржысын талан-таражға салды деп айыпталуда, - деп хабарлайды
қаржы полициясы.
Ол 2012 жылдың қаңтар-ақпан айларында «Адал
Тем», «Intertech Industry», «Вектор Строй 2010» және «НПО «Техкұрал» фирмаларымен
келісім-шартқа отырып, 3 млрд 200 млн теңгеге арнайы құрал-жабдықтарды сатып
алуға рұқсат берген. Алайда жобалық-сметалық
құжаттардың біреуі де мемлекеттік сараптамадан өтпеген.
Енді Қаржы министрлігі қаржылық
бақылау комитетінің қорытындысына сәйкес, «Қазгидромет»-тің тауарлық биржалар
арқылы өткізген сатып алулары заңсыз деп танылып отыр.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА