Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда Мұрат Телібеков «жалған ақпарат таратты» деп айыпталуда

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2014
  • 1607

Бүгін Алматыда қоғамдық ұйым жетекшісі - Мұрат Телібековке қатысты сот отырысы өтеді. Бұл даулы мәселеге қаладағы №22-ші мектеп гимназия басшылығының шағымы себеп болған.

Арыз иелері Телібековті «аталған мектепте ақша жинау тиылмай тұр» деген мағынада жалған ақпар таратты деп айыптап отыр. Бұдан бұрын қоғамдық ұйым жетекшісі өз мәлімдемесін жоққа шығарып, ақпарат құралдары арқылы түзеткен. Алайда, мұны місе тұтпаған мектеп басшылығы Телібековтың қатаң жазалануын талап етуде. Қоғамдық ұйым жетекшісінің мүддесін сотта қос бірдей адвокат қорғамақ.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА