Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тың ҰҚА құқық қорғаушы ұйымдарды бақылаған

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2014
  • 819

Эдуард Сноуден тағы бір тың деректің шетін шығарды. Америка Құрама Штаттарының ұлттық қауіпсіздік агенттігі құқық қорғау ұйымдарын да аңдыған. Оның ішіне америкалық ұйымдар да бар. Ол Amnesty International мен Human Rights Watch. Экс-агент бұл туралы Мәскеуден Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясына бейнежолдауында мәлімдеді.

Бұған дейін америкалық тыңшылардың терроризм мен экстремизмге еқшандай қатысы жоқ белгілі саясаткерлердің әр басқан қадамын аңдығаны айтылған. Бұл ақпарат мемлекеттер арасына сызат түсіргені де белгілі. Әсіресе, Барак Обама мен Ангела Меркель арасында араздық туындады.

Артынша АҚШ басшысы амалсыз ұлттық қауіпсіздік агенттігіне телефон арқылы тың тыңдауға тиым салды. Бірақ Сноуден аңдуға іліккендер туралы жаңа деректер жариялауды жалғастыруда. Орталық барлау басқармасының бұрынғы қызметкері тыңшылықты біржолата доғаратын құықтық механизмнің бүгінде жоқ екенін айтты.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ