Елімізде жыл басынан бері экстремистік бағыттағы 115 сайт анықталған. "Олардың теріс ағымды насихаттаған материалдары Бас прокуратураға жіберілді", - деп
хабарлайды депутаттармен кездескен Дін істері агенттігінің өкілдері.
Алайда ол сайттарды бірден жабу қиындық туғызады екен. Ал Ресейде ондай
сайттар діни сараптамадан кейін бірден қолжетімсіз болатын көрінеді.
Өкініштісі, қолданыстағы заңдарға сай бізде бұл үрдіс бірталай уақыт алады. Дін
істерінің басы-қасында отырғандар қауіпсіздікті сақтауда жастарға басымдық
беріп отыр. Мәселен, биылдан бастап тоғызыншы сынып оқушыларына арналған
«Дінтану негіздері» факультативтік сабағы жетілдіріле түспек.
Марат Әзілханов, ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы:
Дінтану оқулығын да жетілдіру, оқу бағдарламасын да жаңартып, мұғалімдерді
кеңірек дайындайтын боламыз. Осы сұрақтар бойынша біз қазір Білім және ғылым
министрлігімен жұмыс жасап жатырмыз. Оқулықты биылдан бастап қайта жазып
толықтырамыз, зайырлы қағдаттарымен және осы экстремизмнің, терроризмнің алдын
алатын бөлімдермен толықтыратын боламыз.
Айгүл ӘДЕПБАЙ