Қарағандыда тұрғын үйлерге қатысты жаңа дау туындады. Бұл жолы "Шапағат" шағын ауданы назарға ілінді. Ол екі жыл бұрын құлаған "Бесоба" тұрғын үй кешенінің орнына салынып жатыр. Өңірлік даму министрлігі мамандары үйлердің құрылыс талаптарына сай еместігін анықтаған. Мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, құрылысшылар қасбетін ешкіммен келіспей өзгерткен әрі арзан материалды қолданған. Құрылыстың сегіз бөлігінде құйма қабырғалардың қисық екендігі анықталды.
Мұндай ақау Өскеменде де үйдің құлауына әкелген. Бұдан бөлек, тағы бірқатар құрылыс нысанында біраз кемшіліктің беті ашылды. Мұнда құйма қабырғалар 20 сантиметрге қисайыпты. Бас мердігер «О.Т.А.Н.», «Оливия», «Де-Факто» және «Сартан» компанияларына, сондай-қ Қарағанды қалалық құрылыс басқармасына ақауды қалпына келтіру туралы ескерту берілді. Ал "Шапағаттағы" құрылысқа қатысы барлар түгел әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ