Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл және БҚО-дағы Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен Астанада баспасөз жиыны өтті

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2014
  • 1757

Жамбыл және Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен Астанада баспасөз жиыны өтті. Орталық коммуникациялар қызметінде болған басқосуға қатысушылар Ассамблеяның халық бірлігі мен ынтымағын арттыру жолында жасап жатқан жұмыстарына тоқталды.

Екі облыс та Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ашылған «Аналар кеңесінің» жұмысымен танысты. Сондай-ақ «Қиын жағдайға ұшыраған жастарға» арналған орталықта атқарылған игі шараларды талқылады. Батыс Қазақстан облысынан келген Ассамблея өкілдері көрші Ресей елінің 5 облысында тұратын қазақтарға көрсетіп жатқан көмек жайын да айтып өтті.

Ғайса Қапақов, ҚХА БҚО филиалы төрағасының орынбасары:

Астрахань облысында, мысалы, жүз алпыс мыңдай қазақ тұрады. Волгоград облысы, Саратов облысы, Самара облыстарында қазақ автономиялық бірлестіктері құрылған. Оларға біздер мәдени, тіл үйренуге және елмен байланысын үзбеуге көмектесіп тұрамыз.