Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда белгілі әншілер тал көшеттерін екті

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2014
  • 862

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында «Жұлдыздар аллеясы бой көтерді». Шоу-бизнес өкілдері микрофон орнына қолға күрек алды.

Ағаш отырғызуға келгендер арасында - Айқын Төлепберген, Бүркіт, Парвиз Назаров, «Кеш you» тобы, сондай-ақ, цирк әртісі Мұрат Мұтырғанов та бар. Бұл игі істі атқаруға өнер адамдары бірден келісімін беріпті. Барлығы 20-ға жуық ағаш отырғызылды. Жаңадан бой көтерген әр талдың жанына, оны отырғызған әншінің аты-жөні тақтайшаға жазылды. Шараға Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы мұрындық болған.

Айта кетейік, бұл шара сәуірдің 12-сі күні өтетін, жалпықалалық сенбілік қарсаңында ұйымдастырылды.

Айқын Төлепберген,
әнші:

Сол ағашты еккен адамның аты-жөні тұрады дейді. Ол, тіпті қуанышты мен үшін. Осы Президент саябағында менің өзімнің ағашым өсіп тұрса, ол деген қуаныш, сол үшін келіп отырмын. Енді уақыт болғанда, осы жерден өтіп бара жатқанда өзім күтпесем де, біреулерді жіберіп тұрамын.
Анау оң жағында үшінші ағаш менікі, соны суарып қойыңдар деп.

Досжан ҚАЛИЕВ