Русский Сайттың толық нұсқасы

Мalaysia Airlines компаниясына тиесілі ұшақ Үнді мұхитында іздестіріліп жатыр

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2014
  • 857

Ұшты-күйлі жоғалған Boeing ұшағынан дабыл. Іздестіру аймағынан сигнал түсті, ол ізім-ғайым жоқ болған ұшақтың қара жәшігінен шығуы мүмкін. Аустралия премьер-министрі Тони Эббот осыны мәлімдеді. Мalaysia Airlines компаниясына тиесілі ұшақ қазір Үнді мұхитында іздестіріліп жатыр.

Еске салайық, Куала-Лумпурдан Пекинге қарай жол тартқан Boeing 777-200 ұшағы 8 наурызда жоғалып кетті. Оның құрамында 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. Малайзияның премьер-министрі Наджиб Разак 24 наурызда апатқа ұшыраған ұшақтың Үнді теңізінен табылғанын хабарлаған.

Спутниктік зерттеу нәтижесінде ұшақ қалдығы теңіздің оңтүстік жағалауынан табылған айтқан. Дегенмен, бұл дерек расталмады. Ал Аустралия премьер-министр соңғы түскен сигнал малайзиялық Боингтен шыққанына сенімді. 

Сымбат МОЛДАТАЙ