Русский Сайттың толық нұсқасы

Шекарашылар тауарларды заңсыз түрде шекарадан алып өтуге әрекеттенген 14 жүк көлігін анықтады

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2014
  • 1208

Қазақстандық шекарашылар халық тұтынатын тауарларды заңсыз түрде шекарадан алып өтуге әрекеттенген 14 жүк көлігін анықтады. Шекара қоршауларын өз беттерінше бұзып, қырғыз жерінен елімізге қарай заңсыз өткен оннан астам жүк көліктерінің іздері анықталды.

Алдын ала болжам бойынша, шекара түбіндегі қазылған ор шұңқырларды заң бұзушылар арнайы техниканың көмегімен тегістеп өткенге ұқсайды. Оқиға орнына жедел жеткен жасақ Мерке ауылының маңында Қырғыз Республикасының 12 азаматы мен контрабандалық тауар тиелген 14 «КАМАЗ» көлігін ұстады.