Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлемдегі ішкі жалпы өнімнің өсуі дамушы елдерде байқалады

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2014
  • 1711

"Әлемдік экономиканың өсу қарқыны баяу, жеткен жетістікке марқайып тоқтап қалуға болмайды. Қазіргідей геосаяси жағдай ушығып тұрған сәтте мұның маңызы зор".  Халықаралық валюта қорының директоры Кристин Лагардтың пікірі осылай.

Қор басшысы сондай-ақ қалыптасқан ахуалдың күрделілігіне орай дамыған елдердің арқаны кеңге салуы жөн емес деп отыр. Әңгіме алдымен АҚШ экономикасы жайында. Қордың бағалауынша, әлемдегі ішкі жалпы өнімнің өсуі дамушы елдерде байқалады. Құрылымдық реформалардан өзге бұл мемлекеттерге өсімді жалғастыра беру ауадай қажет.

Осы орайда Кристин Лагард Қытайдың өз валюта нарығын дамытуға деген ұмтылысын айрықша атап өтті.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА