Русский Сайттың толық нұсқасы

Белорустар газ бен электр қуатына толық көлемде ақы төлеуге міндеттеледі

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2014
  • 765

Белорустар газ бен электр қуатына толық көлемде ақы төлеуге міндеттеледі. Қазір мұнда тұрғындар табиғи отын мен жарық құнының тек 28%-ын төлеп отыр. Жаңа өзгеріс келесі жылдың басынан бастап енгізілетін болды. Бұл жөнінде елдің премьер-министрі Анатолий Калинин мәлімдеді.

Мұнан бөлек тұрғындар өзге де коммуналдық қызметтің шамамен 60%-ын төлеуге мәжбүр болмақ. Тұрғын үй коммуналды шаруашылық саласындағы тарифтер мен қызметтер бағасының өсуі айқын аңғарылып отыр. Бұл президент Александр Лукашенконың пәрменімен жүзеге асқан. Мемлекет басшысының өзі бұл мәселеге орай "тұрғын үй коммуналды шаруашылық қызметі төңірегіндегі мәселелердің байыбына баратын уақыт жетті" дегенді баса айтып отыр. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА