Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысындағы алты ауданда су тасқыны салдарынан тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2014
  • 800

Ақмола облысындағы алты ауданда су тасқыны салдарынан тұрғындардың біразы қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл жөнінде аймақтық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атбасардағы жағдай күрделі. Қаланың батыс жағындағы су құлату арнасы құйылып жатқан суды өткізе алмай жатыр. Түнде өзен суы тағы көтерілген. Салдарынан 8 көшенің бойындағы 330 үй топан судың астында қалды. Осыған байланысты су ағысына бөгет болған жол қабатын алып тастауға тура келген. Мұнан соң судың екпіні аздап бәсеңдеді. "Дегенмен, қауіп толық сейілген жоқ", - делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ Астрахан ауданындағы бір елді мекенде екі үй су астында қалып, тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Жағдай Целиноград, Шортанды аудандарында да қиындап тұр. Ал Бұланды ауданында күннің жылынуынан еріген қар суы Макинск қаласындағы 30-дан астам үйге қауіп төндірді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА