Русский Сайттың толық нұсқасы

С.Ахметжановтың пікірінше, Алматы әкімінің орынбасарларының бірден ауысуы «командалық көшуге» жатпайды

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2015
  • 1084

Алматы әкімінің бірден 3 орынбасарының ауысуы «командалық көшуге» жатпайды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов мәлімдеді. Бүгін Орталық коммуникация қызметінде журналистер Бауыржан Байбектің  жаңадан тағайындалған орынбасарлары бұрынғы өзінің әріптестері болғандықтан, бұл «командалық көшуге» жатпай ма деп сұраған болатын.

Саян Ахметжанов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІ агенттігі төрағасының орынбасары:

Мемлекеттік қызмет жөніндегі қабылданған және қазіргі заңға сәйкес мемлекеттік қызмет жүйесі саяси және әкімшілік бөлімге бөлінген. Саяси қызметке келетін болсақ, қызметкер мемлекеттік органдардың алдына қойылған міндеттерді орындау үшін тағайындалады. Біз шектеуді әкімшілік мемлекеттік қызметтерге қоямыз. Бұл заңнаманың талаптарына сәйкес келеді.

Ал Ақтөбе облысы әкімі орынбасарының мемлекеттік қызметте отбасымен жүруі заңбұзушылық болып табылады, деді агенттік төрағасының орынбасары.

Саян Ахметжанов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІ агенттігі төрағасының орынбасары: 

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда және аталған саладағы қолданыстағы заңнамада мүдделер шиеленісі институты қарастырылған. Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туысы болып табылатын мемлекеттік қызметшінің тікелей бағынышында жұмыс істей алмайды. Бұл заңнаманың жалпы нормалары және олар қатаң сақталуы керек.

Б.ХАСЕНОВ