Русский Сайттың толық нұсқасы

Ғ. Мүсірепов ауданындағы Петропавл - Қостанай тас жолының бір бөлігін су шайып әкетті

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2014
  • 948

Солтүстік Қазақстанда тағы бір аудан топан судан зардап шегіп отыр. Еріген қар Ғабит Мүсірепов ауданындағы Петропавл - Қостанай тас жолының үстімен ағып, ақыр аяғында жолдың бір бөлігін шайып әкетті.

Ағынға шыдас бермеген жол опырылып түсіп, ұзындығы 10 метрді құрайтын шұңқырға айналды. Республикалық маңызы бар күрежол үзілгендіктен, ұзын-сонар көлік кептілісі пайда болды. Қазір апат орнында ауданның бүкіл коммуналдық қызметтері жұмылдырылды. Жұмысшылар 15 бірлік техниканың көмегімен шұңқырды құммен жауып жатыр.

Айта кету керек, бұл жерді топан су 2007 жылы да басқан. Белгілі болғандай, жол астында төселген қос құбыр су мөлшерін өткізуге жеткіліксіз. Жағдаймен жіті танысқан облыс әкімі Самат Ескендіров жақын арада жол қайта қалпына келтіріледі деп сендірді.

Самат Ескендіров, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Осы кешке, бүгін түнге дейін жолды қайта қалпына келтіреміз. Уақытша. Ал жалпы келешекте бұнда дұрыстап тұрып күрделі жөндеу өткізу үшін осы жол мәселесімен республикалық қоғамдармен сөйлесіп, келтіреміз оны. 

Абзал ҚҰРМАНКИН