Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордалықтар ыстық судан бас тартуда

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2014
  • 1035

Қызылордалықтар ыстық судан бас тартуда. "Біріншіден ол қымбат, екіншіден әр үйде су жылытқыш бар" - дейді тұрғындар. Бұл жөнінде Тенгриньюс ақпарат таратты. 

Айта кетейік, қала халқы 30 жылдай ыстық суға зар болған. Наурызда ғана Қорқыт ата көшесіндегі екі көпқабатты үйге ыстық су тартылды. Бірақ оның шарапатын тек 18 пәтер көріп отыр. Өзге 60-тан астамына су әлі жетпеген. «Қызылорда жылу электр стансасы»: "Ыстық су жеткізу жұмыстарын мойнымызға аламыз, тұрғындар құрылыс материалдарын алса болды", - дейді. 

Қызылордалықтарға ыстық судың әр текше метрі 310 теңгеге түсетін түрі бар. Ал электрмен жылытылатын су үшін 1100 теңге төлейді. Бүгінде тағы үш үйге ыстық су жеткізу қолға алынған. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев екі жыл ішінде қала түгел ыстық сумен қамтылсын деп ескертті. Бұл мақсатқа бюджеттен 45 миллион теңге бөлініпті.

Жұрағат БАМАН