Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркиядағы шахтада болған жарылыстан қаза тапқандар саны 284 адамға жетті

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2014
  • 746

Түркиядағы шахтада болған жарылыстан қаза тапқандар саны 284 адамға жетті. Ал кеніш иесі «Сома Холдинг» компаниясы басшылығы өздерінің қайғылы жағдайға қатысты еш кінәсі жоқтығын айтып бағуда. Холдингтің бас директоры Рамазан Догрудың айтуынша, жалынның тез арада жайылып кетуінің нақты себептері әлі белгісіз. Өйткені опат ошағына жету мүмкін болмай отыр. Өз кезегінде, энергетика министрі құрбан болғандардың жалпы саны 302 адамнан аспауы қажет деді.

Рамазан Догру, «SOMA HOLDING» компаниясының бас директоры:

Тау-кен өндіру секторында қайғылы оқиға, опат болуы әбден мүмкін. Алайда осы жарылыста біздің тарапымыздан ағаттық кеткен жоқ. Біз де өрттің қалайша қысқа уақыт ішінде жайылып кеткенін түсінбей отырмыз. Қазір қызыл жалынның неден шыққанын нақты айта алмаймыз. Өйткені апат орнына жетіп, зерттеуге әлі мүмкіндігіміз жоқ.

Айта өтейік, қазір елде үкіметке қарсы шерулер тыйылар емес. 4 ірі кәсіподақ Анкара, Измир, Трабзон сынды ірі қалаларда наразылық танытуда. Олар жүздеген адамның опат болуы үкімет басшысы Реджеп Тайип Эрдоганның кесірінен орын алды деген пікірде. Өйткені Ердоған бұған дейін елдегі барлық көмір кәсіпорындарын жекешелендіруге рұқсат берді.

Наразылықты тоқтату үшін тәртіп сақшылары жасауратқыш газ қолданды. Елдегі тәртіпсіздіктерді оппозиция тиімді пайдалануға тырысуда. Президент орынтағына үмітті Ердоғанның осы қайғылы жағдайдан соң беделі біршама төмендеді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА