Русский Сайттың толық нұсқасы

Франция үкіметі БҰҰ-дағы тұрақты өкілі тұратын резиденцияны сатылымға қойды

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2014
  • 1078

Франция үкіметі БҰҰ-дағы тұрақты өкілі тұратын резиденцияны сатылымға қойды. Нью-Йорктың Парк-авенюында орналасқан үйдің бағасы 48 млн доллар. Пәтер 18 бөлмеден және екі қабаттан тұрады. Ішінде 5 камин мен екі қабатты қосатын лифті бар.

Баспана Нью-Йорктың бай аудандарының бірінде орналасқан. Ол үйде кезінде Американың бірінші ханымы болған Жаклин Кеннеди және кіші Джон Рокфеллер тұрған.

Осы аптада Францияның жаңа премьер-министрі Мануэль Вальс бюджет тапшылығын азайту мақсатында бірқатар қысқартулар мен үнемдеулерден тұратын бағдарламаны ұсынған еді. Алайда құны қымбат үйдің сатылатыны туралы сыбыс өткен жылдан бері шыққан. Ал Францияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Жерар Аронның қай үйге көшетіні әлі хабарланған жоқ. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ