Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон соққы ала жаздады

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2014
  • 1163

Хиллари Клинтонға бәтеңке ұшты. АҚШ-тың бұрыңғы мемлекеттік хатшысы Лас-Вегастың өндірістік институтында баяндама жасап тұрған сәтінде соққы ала жаздады. Алайда Клинтон бұғып қалып, соққыдан аман қалады.

Тіпті қалжыңдап, оқиғаны күлкіге айналдарып жібереді. Ал аяқ киімнің иесі әйел болып шықты. Қауіпсіздік қызметі оны дереу ұстап, қыз залдан қос қолын көтерген күйі шығарылды. Әзірге оның не себепті мұндай қадамға барғаны белгісіз.

Айта кетерлігі "ұшатын бәтеңкелер" бұған дейін де болған. Американың бұрынғы президенті Джордж Бушқа Ирак журналисі аяқ киімін лақтырған еді. Кейн тіпті ол аяқ қиімге арнап Тикрит қаласында ескерткіш те орнатылған болатын. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ