Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуразия экономикалық одағының оң және теріс тұстары

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2014
  • 1635

Интеграция мәселелері. Дәлірегі Еуразия экономикалық одағының құрылуы. Артықшылығы және кем тұстары. Алдағы дүйсенбі күні Астана телеарнасында Нұрлан Ерімбетовтің «Открытая студия» бағдарламасы осы мәселелерді талқылайды. Жүргізушінің сауладарына Үкімет мүшелері, халық қалаулылары мен Ұлттық палата кәсіпкерлері жауап береді.

Мен қарапайым тұрғын ретінде интеграцияның ұтымды тұстарына көз жеткізгім келеді. 


Тимур Жақсылықов, Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі:

Интеграция дамуының бірден бір индикаторы сыртқы тауар айналымы. Яғни Кедендік одақ аймағындағы айналым. Көрсеткіш жылдан жылға өсіп келеді. Бүгінде 64 млрд долларға жетті. Ал Қазақстанның Ресей, Беларусьпен тауар айналымы 24 миллиард доллар шамасында.

Одақ біздің экономикамыздың дамуына, өндірісімізге не береді? Бүгін өзімізде өндіріліп жатқан өнімге тағы не қосылады?

Альберт Рау, ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі:

Қазақстан сияқты шағын нарығы бар мемлекетке электроника, көлік сынды алып өндірістер құру мүмкін емес. Бәрі нарыққа тіреледі. Кедендік одақ құрылмай тұрғанда, бірталай қиындықтарға тап болғанымызды мойындауымыз керек. Бүгінде бәрі жақсы деп айта алмаймыз. Дегенмен кедендік рәсімдеу сияқты бірталай қағазбастылықтың жоқтығы анық.

Тимур Жақсылыков, Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі :

Үш жылдың ішінде ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты миллиард долларға жетті. Кедендік одақ құрылғаннан бастап, әрине. Қазір де экспорт көлемі 2,5 есеге артты. Жылына 500 миллион доллардан асып жығылады. Бұл үлкен сома.

Бағдарламаның толық нұсқасын дүйсенбі күні 23.50-де "Астана" арнасынан көріңіздер!

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА