Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент капиталға рақымшылық жасау туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2014
  • 829

Президент Үкімет пен Ұлттық банкке бірлесіп, капиталға рақымшылық жасау туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды. Осылай ету көлеңкелі экономиканың жолын бөгеуге септігін тигізбек. Бұл жөнінде Президент төрағалығымен өткен ұлттық инвесторлар кездесуінде айтылды. Мұнан бөлек Елбасы ауыл шаруашылығы саласында қордаланған мәселелерді толығымен жою қажеттігін баса айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Каждый год на аграрном секторе накапливается огромное количество кредитов. Вот посевная, давай ему еще, в следующий год еще, на уборку опять еще. Но когда-нибудь это все обязательно лопнет. Без конца не может этого быть, надо этот узел разрубать.  

Елімізде кәсіпкерлердің жауапкершілігі сақтандырылып, мемлекеттік бақылау біржола тоқтатылуы мүмкін.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
  

То есть страховщик будет более жестко следить, чем наш госконтролер, ему есть что терять и куда платить. Так ведь ? Так.  Вот в этом слове заключается огромная сила. Которую мы должны сделать. 
 

Елімізде кәсіпкерлердің құқықтары жөніндегі уәкіл - бизнес-омбудсмен институты енгізіледі. Және Қазақстанға 1 млн доллардан асатын сомада инвестиция салған ұлттық инвесторлар сол бизнес омбудсмендердің қорғанында болмақ. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев: "Жеке меншік бизнеске ешкімнің қол сұғуға қақысы жоқ", - деп қадап айтты. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ