Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚХА Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы өкілдері баспасөз мәслихатын өткізді

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2014
  • 1204

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы өкілдері баспасөз мәслихатын өткізді. Орталық коммуникациялар қызметіндегі басқосуда Ассамблея жұмысын аймақтарда барынша өркендету жайы сөз болды. Атқарылған оң істер әңгіме өзегіне айналды.

Ұлттық мәдени орталық өкілдері бірлік пен татулықты арттыру мақсатында жасалып жатқан игі шараларға тоқталды. Қос облыста да Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы тұрғындар арасында кеңінен насихатталып жатыр. Бұған Ассамблея мүшелерінің қосып жатқан үлесі өлшеусіз. Сондай-ақ мемлекеттік тілдің дамуына да баса көңіл бөлініп келеді. 

Икрам Хашимжанов, ҚХА мүшесі ОҚО өзбек ұлттық-мәдени орталығының басшысы:

Облыстық өзбек мәдени орталығы жыл сайын «Мемлекеттік тілді білу - парызың», «Мемлекеттік тіл - халықтар достығының дәнекері» деп аталған байқау өткізеді.