Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараздағы «Талас толқыны» спорттық би клубы жабылады

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2014
  • 1184

Тараздағы «Талас толқыны» спорттық би клубы жабылады. Кемтар жандарға арналған жалғыз клубтың тағдыры бұған дейін әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен. Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының айтуынша, 16 жасқа дейінгі балаларды биге баулитын клубтың жұмысы көңілден шықпайды.

Халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлауға тиіс болғанымен, әлі күнге жемісін бермепті. 187 бала жаттығатын залдан бір ғана спорт шебері шыққан. Оның үстіне 15 адам жұмыс істейтін ұжымда бар болғаны 3 жаттықтырушы бар. Сондықтан жергілікті билік спорт мектебіне қаржы бөлуді жөн деп таппады.

Гамлет Қайнарбеков, Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

«Талас толқыны» спорттық би клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны заңды тұлға ретінде қысқарғанымен, ондағы спортшылар, жаттықтырушылар қысқармайды. Солардың бәрі балалар жасөспірімдер мектебіне ауыстырылады. Ешқандай бұл жерде проблема жоқ.

Би клубы енді облыстық №3 олимпиада жеткіншектерін даярлайтын спорт мектебінің бөлімі болып қалады. Ал «клуб ретіндегі күшін жою, жабу туралы» Жамбыл облысы әкімінің қаулысы 3 сәуір күні шыққан. Бұл шешіммен клубтың директоры келіспейді. Қазір спорттық клубтың болашағымен басы қатқан басшы Астанада жүр. 

Дәкен Төребекова, «Талас толқыны» спорттық би клубының директоры:

Мені 8-і күні шешімімен таныстырды. Ол шешім 3 күні шығыпты. Біз оны білмейміз. Бізге оны айтпайды. Енді шешімі шыққаннан кейін оның негізін айтқан жоқ. Алдын ала ешкімге ескерткен жоқ. Төбемізден жай түскендей болды. Сонымен мен енді арғы жағына не деп комментарий айту керектігін білмеймін.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ