Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысындағы тасқын шайып кеткен үйлердің орнына жаңа баспаналар салынады

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2014
  • 829

Су тасқынынан үйлері қирап қалған атбасарлық тұрғындарға жаңа баспаналар берілмек. Апат аймағында болған ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко осылай деп сендірді.

Бүгінде арнайы комиссия 442 су басқан үйдің 247-сін тексеруден өткізді. Белгілі болғандай, 44 баспана жарамсыз деп танылған. Қазіргі таңда аймақта су сорғызу, мүлікті алып шығару, азық-түлікті жеткізу және зардап шеккендерге медициналық-психологиялық көмек көрсету жұмыстары атқарылуда.

Еске салайық, өткен аптада күннің күрт жылынуынан Ақмола облысындағы Атбасар қаласын топан су басып қалды. Соңғы мәлімет бойынша, 300-ден астам үй су астында қалған.

Жұрағат БАМАН