Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев
су қоймасы қатаң бақылауда. Мұндағы судың
деңгейі күрт көтеріліп кетті. Қазіргі уақытта Сергеев қоймасындағы су қалыпты
деңгейден 163 сантиметрге көтерілген. Бұл туралы Өңірлік төтенше жағдайлар қызметінің
мамандары хабарлады.
Есіл өзенінің жайылымында су
деңгейінің өзгеруі байқалуда. Су бекеттерінің
мәліметтеріне қарағанда, Покровка ауылы аумағында оның деңгейі өткен тәулікте
56 сантиметрге, Новониколь ауылының маңында 12 сантиметрге және Петропавл
қаласы аумағында 170 сантиметрге жоғарылаған. Әзірге су басу деректері жоқ.
Дегенмен, облыста көктемгі маусым басталғалы бері 108 тұрғын үйді су
басып қалған.
Илхам ИБРАГИМ