Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тың Мичиган штатында найзағайлы дауыл болды

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2014
  • 1256

Америкадағы Мичиган штатында найзағайлы дауыл болды. Салдарынан баспаналар қирап, ағаштар құлаған. Табиғат апатынан штаттың солтүстік-батысы қатты зиян шекті. Бүгінде мыңдаған адам электр жарығынсыз отыр.

Желдің күші сонша, ағаштар көліктерді басып қалып, электр желілерін де үзіп кеткен. Тіпті Грант қаласының әуежайында тұрған ұшақты да аударып жіберді. Қазіргі таңда жұмысшылар аулаларды қалпына келтіру ісімен айналысуда. Электр жүйелері де қалпына келтіріліп жатыр.

Жұрағат БАМАН