Русский Сайттың толық нұсқасы

Чилиде алапат өртті ауыздықтау мүмкін болмауда

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2014
  • 1032

Чилиде өрттен 16 адам көз жұмды. Алапат өрт Вальпараисо қаласын тып-типыл етіп жатыр. 12 сәуірде тұтанған қызыл жалын әлі ауыздықталған жоқ.

Соңғы ақпарға сүйенсек, 500-ден астам үй өртеніп кеткен. Жергілікті билік бірнеше мың адамды қауіпсіз жерге шығарды. Жалпы, Вальпараисо қаласы - елдің ірі портты шаһары. Осы себепті болуы керек, жағалаудан соққан қатты жел өрттің тез тарауына түрткі болған. Қаланың мэрі Хорхе Кастро бүгінде орын алған жағдайдың Вальпараисоның тарихында болмағанын айтуда. Шаһарда төтенше жағдай жарияланды.

Жұрағат БАМАН