Демалыс күндері Алматыда республикалық «Таза мекен» акциясы
өтті. «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен сенбілікке мектеп
оқушылары, қалалық маслихат депутаттары, студенттер мен түрлі жастар ұйымдары,
сондай-ақ, танымал әншілер қатысты. Олардың барлығы таңмен таласа тұрып, көше
бойларын күл-қоқыстан тазартты, тал екті. Барлығы 100-ге жуық көшет
отырғызылды.
Игілікті істен ата-апаларымыз да шет қалмады. Қайратпен іс
қылмаса да, ақыл айтып, жастарды еңбекке баулыды. Артынан барлығы ортақ
дастарқаннан дәм татып, кішігірім концерт тамашалады.
Бүгінгі бұл шараның негізгі мақсаты -
қоршаған ортаны қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, және патриотизмді
қалыптастыру. Отанға, туған жерге деген
сүйіспеншілікті дамыту болып табылады.
Досжан ҚАЛИЕВ