Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасының шақыруымен алғаш рет Қазақстанға ресми сапармен Бахрейн патшасы келді

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2014
  • 878

Елімізге Бахрейн шейхы алғашқы ресми сапарымен келді. Үш күндік сапар барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Хамад бен Иса әл-Халиф өзара келіссөз жүргізеді.

Сондай-ақ, шағын және кеңейтілген құрамда сауда-экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық, инвестициялық, индустрия және өзге де салалар бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Шейхпен бірге Қазақстанға екі жүзден астам ресми делегация және іскер топтар өкілдері келді. Бахрейн тарапы бұл сапарға ерекше мән беріп отыр.

Айта кетерлігі, Бахрейн Парсы - шығанағындағы ең кіші мемлекеттердің бірі. Жер аумағы Астананың территориясынан сәл ғана үлкен. 750 шаршы шақырымды құрайды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ