Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Бахрейн алюминий өндіру саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойды

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2014
  • 1139

Бахрейн және Қазақстан өнеркәсіп, қаржы секторы басқа да салаларда бірігіп жұмыс істемек.

Бұл туралы бүгін іскер топ өкілдерімен тиісті меморандумға қол қойды. Корольдік жылына 800 мың тонна таза алюминий өндіреді. Бізде бұл көрсеткіш - 250 мың тонна. Оны 500 мыңға дейін ұлғайту көзделіп отыр.

Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев осы мақсатта Павлодарда жеңіл металл өңдейтін арнайы аймақ құрылатынын айтып, бұл жобаға Бахрейн тарапын қатысуға шақырды.

Өз кезегінде мұнайлы елдің Өнеркәсіп және сауда министрі Доктор Хасан Фахро Қазақстанның азық-түлік өнеркәсібі, астық, ет өнімдеріне қызығушылық танытатынын жеткізді. Ал, Бахрейннің астанасы - Манама Таяу Шығыстағы офшорлы аймақ. Ислам қаржы жүйесінің орталығы болып есептеледі. Осы салада корольдіктен үйренетін тұстарымыз көп деп, атап өтті Исекешев.

Әсет Исекешев
, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі:

Ислам банкингі бойынша ТМД мен Орталық Азияда аймақтық ХАБ құру жоспарымыз бар. Манама Таяу шығыстағы Ислам қаржы орталығын екенін білеміз. Онда жүздеген банк пен мамандар жұмыс істейді. Осы бағытта қарым-қатынас орнатып, сіздердің тәжірибелеріңізбен танысқымыз келеді.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ