Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада арбаға таңылған мүгедектер арасында спорттық биден Олимпиада өтті

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2014
  • 1444

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында би чемпионаты өз мәресіне жетті. Сайысқа еліміздің 5 қаласынан түрлі жастағы үміткерлер қатысып, өнерлерін ортаға салды. Өнерпаздар вальс, румба, танго билеп, сайысқа түсті.

Шара Қазақстан мүгедектері конфедерациясы қоғамдық ұйымының және де «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтті. Аталмыш сайыста әрбір қатысушының еңбегі бағаланып, лайықты марапатталды. Арбаға таңылғанымен, өмірге құлшынысын жоғалтпаған жандардың өнеріне көрермен қауым да тәнті болды.

Асыл Қоқанова, Ардақ Отарбай, күміс жүлдегерлер:

Наурыз өткеннен кейін бастадық дайындалуды. Өйткені наурызға дейін әр түрлі наурыздың дайындықтары болды. Бір айдың көлемінде, Наурыздан кейін осы жарысқа дайындалдық. Биіміздің сырын, әдемілігін көрермендерге көрсету керек.