Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2016
  • 1434

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып Мұхтар Құл-Мұхаммед тағайындалды. Оны партияның саяси кеңесінің бюро отырысында Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев таныстырды. Президент бұл қызметті атқарып келген Асқар Мырзахметовке алғыс білдірді.  


56 жастағы Мұхтар Абрарұлы бұған дейін бірқатар жауапты қызметтер атқарған. Қызылорда облысының әкімі, Мәдениет және ақпарат министрі болды. 2015 жылғы Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау үшін құрылған республикалық қоғамдық штабты басқарды. Қазақстан Президентінің кеңесшісі қызметін де атқарған.

Құралай ПИОНЕР