Русский Сайттың толық нұсқасы

Риддер қаласындағы опырылған шахта енді тұрғындарға қауіп төндірмейді

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2014
  • 896

Риддер қаласындағы опырылған шахта енді тұрғындарға қауіп төндірмейді. Құтқарушылар осылай сендірді. Шұңқыр қазір бетонмен толтырылуда. Төтенше жағдай қызметкерлері болса апат орын алған аумақтағы тұрғындарға қауіптің сейілгенін айтып, үйлеріне қайтуға рұқсат берді. Алайда шошынған риддерліктер баспаналарына қайтуға асығар емес. 47 отбасы әлі шипажайда тұрып жатыр. 

Серік Амангелдин, ШҚО Риддер қаласы ТЖД өрт қауіпсіздігі бөлімінің басшысы:

Бетон шұңқырға толық құйылуға 1 метр қалды. Тұрғындарға үйлеріне қайтуға рұқсат берілді. Алайда тұрғындар асығар емес. Қорқып қалса керек.

Айта кетейік, 4 сәуірде жер астындағы шахтаның опырылуынан Риддер қаласында бір баспана 21 метр тереңдікке түсіп кетті. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Қауіпті аймақтағы 107 үй тұрғындары уақытша шипажайға көшірілді. Мамандар шахтаның опырылу себебін анықтап жатыр. Облыстық прокуратура тарапынан қылмыстық іс қозғалды.

Қанат ОРАЛБЕК