Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда «Сәтпаев оқулары 2014» халықаралық конференциясы өтті

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2014
  • 871

Алматыда Ғылым қызметкерлері күніне орай «Сәтпаев оқулары 2014» халықаралық конференциясы өтті. Конференцияда Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы ғылым саласын дамытуға қатысты маңызды сұрақтар мен «Қазақстан-2050» Стратегиясы шеңберінде ғылымды дамыту болашағы талқыланды.

Шара аясында Қазақстанның жетекші ғалымдарын марапаттау рәсімі болды. Сонымен қатар жиын барысында білім мен ғылым саласының дамуына ауқымды үлес қосқан мамандар ғылымның бүгінгі жай-күйі мен келешегі жайында ой бөлісті. 

Такир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

Бүгінде Қазақстандағы ғылым даму үстінде. Елбасымыздың биылғы Жолдауында айтылғандай, біз экономиканы ғылым мен білімге негіздеп жасауымыз керек. Қазіргі күні мемлекет тарапынан ғылымның дамуына көптеген жағдайлар жасалуда. Біздің ғалымдарымыз аянбай еңбек етіп жатыр. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА