Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2016
  • 1741

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы қол қойған құжатқа сай, 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша пайдалану құқығын беруге, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге мораторий жарияланды. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА