Русский Сайттың толық нұсқасы

Су тасқынынан үйлері қираған атбасарлықтарға жаңа баспана беріледі

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2014
  • 1102

Су тасқынынан үйлері қираған атбасарлықтарға жаңа баспана беріледі. Апат аймағында болған Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Владимир Божко тұрғындарды осылай деп сендірді.

Бүгінде арнайы комиссия 442 су басқан үйдің 247-сін тексеруден өткізді. Белгілі болғандай, 44 баспана жарамсыз деп танылған. Қазіргі таңда аймақта су сору, мүлікті алып шығару, азық-түлік жеткізу және зардап шеккендерге медициналық-психологиялық көмек көрсету жұмыстары атқарылуда.

Еске салайық, өткен аптада күннің күрт жылынуынан Ақмола облысындағы Атбасар қаласын топан су басып қалды. Соңғы мәлімет бойынша, 300-ден астам үйді су басты. 

Жұрағат БАМАН