Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола жұртшылығы бір күндік жалақыларын Атбасарда судан зардап шеккендерге көмек ретінде аударды

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2014
  • 650

Тасқыннан зардап шеккендерге көмек. Ақмолалықтар бір күндік жалақысын топан судан зардап шеккен Атбасар тұрғындарына аударып жатыр. Әзірге мемлекеттік қызметкерлер өздерінің бір күндік еңбекақыларын аудару арқылы жапа шеккен ағайынға көмектесуде. Енді бұған кез келген азамат үлес қоса алады. Бұл үшін арнайы есеп шот ашылды.

Қарапайым тұрғындар да бей жайлық танытып отырған жоқ. Үйлерін су алған атбасарлықтарға ыдыс-аяқтар, киім-кешектер мен басқа да қажетті заттарды беріп жіберді. Бұл істе қариялардың белсенділігі басым. Ал алдағы күндері «Нұр Отан» партиясы жергілікті филиалының өкілдері арнайы акция ұйымдастырып, гуманитарлық көмек көрсетпек.

Илхам ИБРАГИМ