Енді төтенше жағдай орын ала қалғанда,
Қазақстан мен Ресей құтқарушылары шекарадан еш кедергісіз өтіп, бір-біріне
көмектеспек. Президент Нұрсұлтан Назарбаев
азаматтық қорғаныс, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ мемлекеттік
материалдық резервті қалыптастыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою
саласындағы заңнамаларды жетілдіруге, бағытталған «Азаматтық қорғау туралы»
заңға қол қойды.
Құтқарушылардың шекарадан өтуін
жеңілдету мақсатында, шекара сақшыларына олардың аты-жөні мен алып өтетін
құрал-жабдықтарының тізімі берілуі тиіс. Сонымен
қатар, Елбасы Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы төтенше жағдайлар
және зiлзалалардың қауiп-қатерiн азайту жөнiндегi орталықты құру туралы
келiсiмдi ратификациялау туралы» заң жобасына қол қойды. Орталық Алматы
қаласында құрылып, екі ел тарыпынан, донорлардың және қайырымдылық есебінен
қаржыландырылады.
Айгүл ӘДЕПБАЙ