Русский Сайттың толық нұсқасы

Иран уран өндіруді дамытуға ден қойды

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2014
  • 545

Иран тағы да ядролық жанармай өндірісіне ден қойды. Бұл үшін елге қосымша 30 мыңдай жаңа центрифуга қажет. Бұл жөнінде атом энергетикасы вице-президенті Али Акбара Салехи хабарлады.

Лауазымды тұлға мәлімдемені Иран ядролық бағдарламасы талқыланған Венадағы халықаралық келіссөздерден кейін жасады.

Айта кетерлігі, бүгінде Ислам Республикасында уран байытуға арналған 19 мың центрифуга бар. Оның 10 мыңы - жаңа дәуір технологиясы.

Ал Тегеран болса, батыстың қысымына қымтырылмай, уран өндірісін тоқтатар емес. Және атом бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтінін айтып жұбатумен келеді.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қарашасында келіссөз жүргізуші тараптар өзара мәмілеге келді. Сөйтіп, Иран уран байыту процесін алты ай бойы 20%-ға төмендетуге келісті. Батыс өз кезегінде Ислам мемлекетіне деген санкцияларын жеңілдетті. Аталған келісім үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап жүзеге асып жатыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ