Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей мен АҚШ арасында қаржылық «теке-тірес» басталды

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2014
  • 1007

Ресей мен Америка әлі де теке-тіресте. Соңғы аптада Ресей АҚШ-тың федералды қор резервіндегі депозиттерінен құны 50 млрд долларға пара-пар құнды қағаздарын шығарды. Бұл туралы Бельгия ақпарат құралдары хабарлады.

Бұған дейін федералдық қор 104 млрд долларға ортайған. Батыс қаржыгерлері бұл ақшаны да Мәскеу қайтарып алды деп пайымдайды.

Аударым «Euroclear» банкі арқылы жүргізілген. Алайда қаржы құрылымының ресми өкілдері қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Ресейдің қомақты қаражатты Америкадан шығаруының екі себебі бар, дейді сарапшылар. Оның бірі, Вашингтон ақшаны бұғаттап тастайды деген қорқыныш болса, екіншісі - Кремльге қарсы қолданылатын кез келген санкцияның «бір ұшы» Американың өзіне тиетінін көрсету.

Өткен жылдың соңында жасалған есепке сүйенсек, Ресей Американың құны 138 млрд долларға есептелетін құнды қағаздарына иелік еткен. Алайда Мәскеу ол қағаздарды сатпай, Еуропа банктеріне ауыстырды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ