Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы студенттері туризмді дамытудың тәсілдерін қолға алды

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2014
  • 1240

Алматы студенттері туризмді дамытудың өзіндік тәсіліне көшті. Қаладағы жоғарғы оқу орындарында туризм саласы бойынша білім алып жүрген жастар тәжірибені дамыту үшін шаһар көшелеріне шықты.

Олар қаладағы қоғамдық көліктерге отырып, гидтің қызметін атқарады. Қала тұрғындары мен қонақтарына көше бойындағы көрікті жерлер мен тарихи тұлғалар туралы мәліметтер береді. Осылайша, туризмді насихаттауға машықтанбақ.

«Халықтық гид» шарасына қалалық жастар саясаты жөніндегі басқарма мұрындық болған. Алматы - биыл достастық елдерінің мәдени астанасы деген мәртебеге ие болды. Шаһарда 230-дан астам мәдени нысандар бар. Оның ішінде 20 мұражай, 14 көркемөнер галлереясы, 19 театр мен 27 концерттік зал қызмет көрсетеді.

Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, EXPO-2017 көрмесіне дейін ЖОО-на туризм мамандарын даярлау міндеті жүктелген.

Данияр Ұлжанов, студент:

Меніңше, өз қаласы туралы мәліметтер алу әркімге де қызықты болады деп ойлаймын. Сондықтан
, қолдау табуы тиіс. Ал егер «Халықтық гид» жобасы сәтті болса, ары қарай жалғасады. Бұл іс-шара пилоттық жоба ретінде қолға алынды.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ