Русский Сайттың толық нұсқасы

Чилиде алапат өрт құрбандарының саны артты

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2014
  • 872

Чили билігі Вальпараисо қаласында болған ірі өрт оқиғасынан кейін елде төтенше жағдай жариялады. Бүгінде апатта қаза болғандардың саны 15 адамға жеткен. Жергілікті ауруханалар ыспен уланған азаматтарды қабылдап үлгермеуде. Соңғы деректер бойынша барлығы 8 мыңнан астам адам зардап шеккен.

Белгілі болғандай, өрт 850 гектар аумақты жалмаған, сондай-ақ, мыңнан астам тұрғын үй жанып кеткен.

Ел билігі жариялаған ақпарға сүйенсек, 10 мың тұрғын қаупісіз жерге көшірілген. Апатты жағдайға байланысты Чили президенті Аргентина еліне арнайы сапарын да кейінге қалдырды. Өз ретінде Кристина Киршнер Вальпараисоға өрт сөндіру ұшақтарын жөнелтті.