Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та Сноуден материалдарын жарыққа шығарған басылымдарға Пулитцер марапаты берілді

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2014
  • 830

«Guardian» мен «Washington Post» тілшілері «АҚШ-тағы электрондық тыңшылық» туралы материалдары үшін арнайы Пулитцер сыйлығын алды.

Негізгі мәліметті олар Орталық барлау басқармасының бұрынғы барлаушысы Эдуард Сноуден жариялаған құпия деректерден алған. «Бұл репортаждар қауіпсіздік пен жеке өмір тақырыптары аясындағы дискуссияны жандандырды», - дейді Пулитцер сыйлығының комитеті.

Қаламы қарымды тілшілерді Эдуард Сноуденнің өзі де құттықтап үлгерді. Бұл сыйақы журналистиканың қажеттілігін тағы бір көрсетті деп қосты.

Еске салсақ, бұрынғы агент Сноуден қазір Ресей аумағында жасырынып жүр. Нақты мекен-жайы белгісіз.

Ал АҚШ үкіметінің құпия құжаттарын «Уикиликс» сайтында жариялаған америкалық әскери қызметші Брэдли Мэннинг болса, жазадан құтылып кете алмады. Ол 35 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА