Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаржы секторын дамыту концепциясы ұсынылды

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2014
  • 1208

Ұлттық банк 2030 жылға дейінгі қаржы секторын дамыту тұжырымдамасында банктерді біріктіру жүйесіне ден қойып отыр. Қаржы құрылымының ресми сайтында жарияланған Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасында бәсекелістікті арттыру мақсатында орта деңгейлі банктерге көңіл бөлінеді делінген.

Орта деңгейлі банктер көп дегенде 15-20 қаржы институттарынан тұруы тиіс. Олардың қорында отандық капиталмен қоса, шетелдік банктердің еншілес ұйымдары болуы мүмкін. Алайда ұсақ банктерді мәжбүрлі түрде қосып, қаржы құрылымдарының санын қысқарту мақсаты жоқ екені айтылған.

Сонымен қатар, «чемпион» банктердің жасақталатыны белгілі болды. Бұл шара тек банк секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қолға алынып отырғаны хабарланады.

Айта кетерлігі, 1 қаңтардағы мәлімет бойынша елімізде 38 банк жұмыс істеп тұр. Оның 17-нің қызметінде шетелдік қатысушылық бар.

Айгүл ӘДЕПБАЙ