Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан шет елдік биржалардағы отандық компанияларды елге қайтаруды қолға алмақ

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2014
  • 1082

Қазақстан шет елдік биржалардағы отандық компанияларды елге қайтаруды қолға алмақ. Бұл туралы қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында айтылған. Құжат жобасы Ұлттық банктің ресми сайтында талқылауға ұсынылған.

Қазіргі уақытта Қазақстан қор биржасы КASE-ге кіретін сегіз компанияның бесеуі халықаралық биржаларда, яғни Лондон мен Гонконгта құнды қағаздарын саудалайды. Атап айтсақ, ол «Халық банкі» мен «Қазкоммерцбанк», «Кселл» және «Қазмұнайгаз» барлау және өндіру» акционерлік қоғамы.

Аталмыш компаниялар құнды қағаздарын Лондонда сатуға тырысады. Шет елдегі бағаның өзгеруіне баса мән береді. Осылайша, екі нарықта бірдей "ойнау" отандық қор нарығының дамуына кері әсер етуде. Ұлттық банк бұл компанияларды түбегейлі КASE-ге тарту үшін ынталандыру шараларын іске асырмақ.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ